Таныс киім.
Жаңа көрініс.
Гардеробыңызды жүктеңіз — ЖИ стилист образ құрады, сіз оны өз суретіңізде немесе камерада бірден киіп көресіз.
Қалай жұмыс істейді
- 1




Киімді жүктеңіз
Киімнің суретін түсіріңіз немесе дүкеннен қосыңыз — ЖИ санатын, түсін, маусымын өзі анықтайды.
- 2


Камерада киіп көріңіз
Тірі айна киімді денеңізге нақты уақытта кигізеді; Live AI — фотореалистік нұсқасы.
- 3


Стилистен образ алыңыз
«Бүгін не киемін?» деп сұраңыз — ЖИ-стилист ауа райы мен жағдайға қарай өз гардеробыңыздан образ құрады.
Үш мүмкіндік
ЖИ стилист
Ауа райы мен жағдайға сай образ
Себебін айтады: неге осы түс, неге осы қабат. Сақта, ауыстыр немесе бірден киіп көр.
Live AIТірі айна: киім үстіңізде нақты уақытта
Фотореалистік, тікелей камерада. Бейне тек келісіміңізбен және тек сессия кезінде өңделеді.
Суретпен киіп көру



Фотореалистік нәтиже
Киімді толық бойлы суретіңізге шынайы түрде кигіземіз.
Тарифтер
Тарифтер мен бағалар- Тегін0 ₸Айына 10 киіп көру
- Той пакеті1 990 ₸7 күндік Premium
- Premium4 976 ₸30 күн · айына 30 киіп көру
- Live AI3 990 ₸180 секунд · мерзімсіз
Жиі қойылатын сұрақтар
AiKorkem деген не?
Қазақстандағы жеке ЖИ-стилист және тірі айна: өз киіміңізді жүктейсіз, камерада киіп көресіз, ЖИ-стилист ауа райы мен жағдайға сай образ ұсынады. Интерфейс қазақша (төте жазумен де), орысша және ағылшынша.
Камера бейнесі бір жаққа жіберіле ме?
Кәдімгі тірі айнада (Live) бейне құрылғыдан шықпайды. «Сапалы кадр» басқанда ғана бір сурет жіберіледі. Live AI — бөлек режим: келісім бергеннен кейін сессия кезінде ғана бейне фотореалистік өңдеуге жіберіледі.
Қанша тұрады?
Тегін: айына 10 шынайы киіп көру, 100 стилист хабары және 20 секунд Live AI сынағы. Premium — 4 976 ₸ / 30 күн: айына 30 киіп көру, 30 «Сапалы кадр», 1000 стилист хабары, Live AI айына 2 мин. Live AI +3 мин пакеті — 3 990 ₸.
Қалай төлеймін?
Kaspi арқылы (QR немесе Kaspi қосымшасы). Бір кезеңге төлейсіз, картадан автоматты түрде ешнәрсе шешілмейді.
Интернет-дүкендегі киімді қоса аламын ба?
Иә: Chrome кеңейтімі дүкендегі суретті бір батырмамен гардеробқа қосады, атауын дүкеннен алады.
Дүкенім бар — өз сайтыма қоса аламын ба?
Иә, «Өз дүкеніме» тарифі бар: виртуалды киіп көруді дүкеніңізге қосамыз, баға келісім бойынша. WhatsApp арқылы жазыңыз.
Бірінші киімді қосыңыз
Тегін: айына 10 киіп көру, 100 стилист хабарлама, Live AI сынақ 20 с.
Жеке ЖИ-стилист және тірі айна: өз киіміңізді камерада бірден киіп көріңіз. Бұл — Live камера прототипі. Камера бейнеңіз құрылғыңыздан шықпайды.